Рыбакина Монреаль турнирінің үшінші кезеңіне өтті
Патриот жаршысы
54

Olympic.kz
Қазақстандық теннисші, WTA рейтингіндегі үздіктердің бірі Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде табысты өнер көрсетуде. Монреаль қаласында өткен екінші кезең матчында жерлесіміз америкалық Хейли Баптистпен кортта кездесті.
Ойын 1 сағат 13 минутқа созылып, Рыбакина 6:4, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл жетістік оған турнирдің үшінші кезеңіне жолдама сыйлады.
Келесі айналымда Елена Румыния өкілі Жаклин Кристианмен бақ сынайды. Қазақстандық жанкүйерлер отандасымыздан ірі жарыста тағы да жарқын жеңіс күтуде.