Трибунада тазалық орнатқан жанкүйерлер

Патриот жаршысы
15

Астана қаласының әкімдігі

Астанада өткен Қазақстан Премьер-лигасының 12-турынан кейін ерекше бір игі іс көптің назарын аударды. «Астана Арена» стадионында елордалық Олимпиадалық резервтің №8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жанкүйерлермен бірге трибунадағы қоқысты жинады.

Бұл бастама – елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында жүзеге асты. Жас спортшылар көпшілік жиналатын орындарға деген құрмет пен мәдениеттің нақты үлгісін көрсетті. Олар таза қоршаған ортаға деген жанашырлық пен спортқа деген сүйіспеншіліктің қатар жүруі маңызды екенін дәлелдеді.

Еске сала кетейік, бұл күні «Астана Аренада» өткен матчта елордалық «Астана» командасы Көкшетаудың «Оқжетпесінен» айқын басым түсіп, өз алаңында маңызды жеңіске жетті. Қазіргі таңда «Астана» 13 ойыннан кейін 30 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап тұр. Ал «Оқжетпес» 20 ұпаймен бесінші орында орналасқан.

Астаналық команда келесі ойынын сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы өткізеді.

Малика Рүстем
тілші