Түлектер мерекесі: жаңа офицерлер сапқа қосылды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
14 маусым күні ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 53-шығарылым түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды.
Бұл айтулы шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адилов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, құқық қорғау органдарының басшылары мен ардагерлері, түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.
Рәсім барысында түлектерге кәсіби білім алғанын дәлелдейтін дипломдар салтанатты жағдайда тапсырылды. Қонақтар болашақ жас офицерлерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, адалдық пен жауапкершілікпен қызмет етуге үндеді.
Шараның ерекше тұсы – дәстүрлі курсанттар вальсі болды. Музыка ырғағына үйлескен вальс академиямен қоштасудың әсерлі көрінісіне айналды. Академия басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам өз түлектеріне ақжарма тілектерін арнап, олардың қызмет жолында сәттілік пен табыс тілеп, сенім артты.
Бұл күн – түлектер үшін тек оқу кезеңінің қорытындысы ғана емес, сонымен қатар – заң мен тәртіп күзетінде тұратын маңызды әрі абыройлы өмір жолының бастауы.