Балаларға арналған этно-лагерь ашылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында балаларға арналған этно-лагерь ұйымдастырылды,- деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Жазғы демалыс кезінде 7-14 жас аралығындағы оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық ойындарын жетік меңгеретін болады.
Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақ бойына қазақтың төл мәдениетін, ұлттық құндылықтарын сіңіру, олардың денсаулығын нығайту, сондай-ақ топтасып бірге жұмыс істеу секілді адами қасиеттерді дамыту.
Лагерьде балаларға ата-дәстүрді үйретіп, тұрмысқа бейімдейді. Мысалы, ұлдарға «бата беру» үйретіледі. Ал соңғы күні ер балаларға мал сою, оны мүшелеу бойынша мастер-класс өткізіледі. Қыз балалар ұлттық тағамдар дайындауды үйренеді.
Мәдени демалыс бес күнге созылады. Бағдарламада ұлттық спорт ойындары, атқа міну, садақ ату, еркін күрес сабақтары бар.