Астаналық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Патриот жаршысы
116

Астана қаласының Білім басқармасы

Елордадағы дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жанайым Рашит Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті.

Бұл — Жанайымның табандылығы мен білімге деген құштарлығының, мақсаткерлігінің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге оны қолдап, бағыт берген ұстаздары мен ата-анасының еңбегінің жемісі.

“Құрметті достар! Дарынды қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Рашит Жанайым Жанибекқызы Рашит Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, зор жетістікке қол жеткізді. Білімді де талапты оқушымыз   Жанайым Жанибекқызын осы жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл қуанышты жаңалық – тек Жанайымның қажырлы еңбегі мен білімге деген ынта-жігерінің, мақсаткерлігінің жемісі ғана емес, сонымен қатар бағыт-бағдар берген ұлағатты ұстаздары мен қолдауын аямаған ата-анасының да зор еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Жанайым Рашитке алдағы үлкен өмір жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілеймін! Еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастары қатарынан көрініп, ел үмітін ақтай беріңіз!”, – деп жазды Қасымхан Сенғазыұлы.

Малика Рүстем
тілші