Қарағандылық жас режиссер

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Шымкент қаласында өткен республикалық SAMGAU кинофестивалінде қарағандылық режиссер Асылжан Ізбасар бас жүлдені жеңіп алды. Ол — Қарағандыдағы CREATIVE CENTER ORTAU креативті орталығының резиденті.
Асылжанның дебюттік жұмысы – «Пат» атты қысқаметражды фильмі үздік туынды деп танылды. Фильмде музыкант болуды армандайтын жас қарағандылық кейіпкердің әкесімен арасындағы түсініспеушілік суреттеледі. Әкесі баласының шахтер болғанын қалайды, ал ұлы – өнерге жақын. Осылайша, фильмде ұрпақтар арасындағы көзқарас қақтығысы, армандар мен дәстүрлердің тоғысы бейнеленген.
Кинофестивальге 30-ға жуық өтінім түсіп, соның 20-сы негізгі конкурсқа өткен. «Пат» фильмі ерекше идеясы, режиссерлік көзқарасы және жаңаша баяндау стилі арқылы қазылар алқасының көңілінен шыққан.