"Қазіргі заман қаһарманы"

Патриот жаршысы
23

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан

Елордалық полицей адам өмірін құтқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды,- деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Астана қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Дулат Идрисов адам өмірін құтқарып қалғаны үшін Президенттің «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Полицей оқиғаның қалай болғаны жөнінде ой бөлісті. Оның айтуынша, құтқару қызметін күтетін уақыт болмағандықтан, жылдам әрекет етуге тура келген көрінеді.

«Бізге бір адамның жүрегі ауырып, есікті өз бетімен аша алмай қалғаны туралы қоңырау түсті. Жақын жерде болғандықтан дереу көмекке ұмтылдық. Оқиға орнына жетіп, есікті өз бетімізбен ашпақ болған ойымыз жүзеге асқан жоқ. Ал құтқару қызметі мен жедел жәрдем шақырмақ болғанымызбен, уақытымыз тығыз болды. Сондықтан терезе арқылы екінші қабаттағы терезе арқылы кіруге тура келді.

Біздің қызметімізде түрлі жағдайлар болып жатады. Сол себепті, біз, полиция қызметкерлері, тәртіпті күзетіп, халық игілігі үшін қызмет етуге қашанда дайынбыз. Біз бұл ісімізді ерлік деп санамаймыз. Бұл – біздің жұмысымыз», - дейді полиция капитаны.

Дариға Нысанқұл