«Аңыздар ізімен»: Құраш Зульфикардың өнерге толы 75 жылы

Патриот жаршысы
26

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

2025 жылдың 25 шілдесінде Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші-график, кітап иллюстраторы Құраш Зульфикардың «Аңыздар ізімен» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрме шебердің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, жарты ғасырдан астам уақыт бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан қылқалам иесінің жүзден астам жұмысы бір көрмеде тоғысты. Мұнда алғашқы графикалық суреттерден бастап, кітап иллюстрациялары мен нәзік акварельдеріне дейін көрермен назарына ұсынылды.

Экспозиция хронологиялық және тақырыптық құрылымда жасақталып, көрерменді түркі және ұйғыр мәдениетінің сан қырлы тарихы мен аңыз әлеміне жетелейді. Құраш Зульфикар тек суретші емес - фольклор мен эпосты терең түсініп, оны бейнелеу өнері арқылы қайта сөйлеткен тұлға.

Көрменің шоқтығы биік туындыларының бірі - ұйғыр аңыздарына арналған, 2023 жылдан басталып, әлі күнге жалғасып келе жатқан ірі иллюстрациялық серия. 2025 жылдың алғашқы жартысында ол мифологиялық сюжеттерді жаңаша өңдеп, көркем тілмен бейнелеген он төрт ірі жұмыс жазып шықты.

Малика Рүстем
тілші