ШОҚАН УӘЛИХАНОВ

Ашық дереккөзден
Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.
1. Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек.
2. Қызғаншақтық — сыртқа шықпай қоймайтын ішкі былық.
3.Тіршіліктің ішкі-сыртқы жағдайларын жақсартуға талпыну адам баласына тән нәрсе...
4. Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.
5.Қазақтар киеге үлкен мән береді. Кейбір жануарлар мен құстарды тұрмысқа қажетті, киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі деп түсінеді. Ал осы кәделерді ұстамау, киелерді құрметтемеу – жоқшылыққа душар етеді деп санайды. Сондай құдіретті күші бар жан-жануарлардың киесі бар, ал олардың өзін киелі дейді.