ШЕРХАН МҰРТАЗА

Ашық дереккөзден
Жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері , Қазақстанның халық жазушысы
1. Сапаға айналмаған сан жеме-жемге келгенде сан болудан қалады.
2. Бiлмеген мiн емес, бiлместiкке көнген мiн.
3. Өтiрiктi кешiруге болады, ақтауға болмайды.
4. Егер Қазақстанды мекендейтін көп ұлттың әрбір азаматы Қазақстанды, қазақты, оның тілін, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, жер-суын Бельгерше түсініп, Бельгерше біліп, Бельгерше сыйлап, құрметтесе, онда бұл елде Құдай сүйгендер ғана тұрып, жұмақ орнар еді...
5. Заң дегеніміз – ноқта.
6.Айтса, дуалы ауыз айтсын.
7.Дарынды дарын таниды.
8. Шындық - ащы һәм ажарсыз.
9.Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.
10.Мәдениеттің мәйегі - кітап.
11.Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.
12.Ақиқат - адал айтыстан туады.