БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

Халық хаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, жазушы.
1. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.
2. Ерлік ер басына жүре бітетін қасиет.
3. Күш әкесін танымайды.
4. Мақтаныш - ерлік анасы.
5. Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.
6. Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті.
7. Тәуекелсіз ерлік жоқ.
8. Әдіссіздік - әлсіздік,
Ептілік те ерлік.
9. Намысты нанға сатпа.
10. Ана үшін аянба - ант ұрады,
Бала үшін аянба - бетің күйеді,
Ел үшін аянба - ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба - жігіттігіңе сын.
11.Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек.
Тәртіпке бас иген құл болмайды.
Тәртіпсіз ер болмайды.
12. Қайрат – қамал бұзады.
13. Билік кімде болса сұрау да сонда.
14.Міндет адамға жауапкершілік жүктейді.
15. Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.