АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Ұлт ұстазы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
1. Бір нәрсе туралы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта алсақ, сол сөз өнері болады.
2. Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
3. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
4. Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
5. Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
6. Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.
7. Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.
8. Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
9. Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.
10. Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.