МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ

Қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
1. Алыс пен жақын ойлы болмас жолдас,
Қас қылған жолдасына жігіт оңбас.
2. Артықтан тағылым ал, кемге — үйрет.
3. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді.
4. Алла жақын кеудеде оты барға.
5. Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,
Осылай шежіреден көрінеді.
Саны көп, сапасы жоқ, һәммадан бос,
Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді.
Шет шығып сахарадан баспас қадам,
Болады бүйтіп жүріп қашан адам?
Бейхабар ғаламдағы хикматтан,
Тұтқындай қапастағағы күні қараң.
6. Ғылым үйрен - көзің ашылады.
7. Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
8. Ақиқат жеңер жалғанды.
9. Білгенге - қиын емес кету байып.
10. Дүниеде кедейлік жоқ - өнерпазға.