ДУЛАТ ИСАБЕКОВ

Ашық дереккөзден
Жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері.
1. ...бар білетінім тұғырға қонар сұңқар боп жаратылып,қарға мен жапалақтарға ілесіп бұтаққа қонып қала ма деп қимадым.Адамның тұлға боп қалыптасуы үшін оның жаратылыс берген қабілеті аз,ол қасиет араласар ортаңа байланысты.Кіммен дос болсаң,кіммен сырлас болсаң сол деңгейден сен де аса алмайсың.
2. Қоғамда еркек көп, азамат аз.
3. Адамның бірінші жауы-екі көзі, ол бәрін айтып тұрады, тек оқи білу керек.
4. Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық.
5. Аяулы адамыңмен айырылысу деген жақсы ғой, соңында табысу бар.
6. Ал, музыка тыңда, кітап оқы, қиял кез. Түбі сен осы бөлмеден не данышпан болып шығасың, не ақылыңнан адасып шығасың.