ШАРЛЬ ДЕ ГОЛЛЬ
РУХТЫ СӨЗ
13

Ашық дереккөзден
Француз қарсылық қозғалысының жетекшісі, Франция президенті
1. "Патриотизм – бұл өз халқыңа деген сүйіспеншіліктің бірінші орында болуы; ал ұлттық шовинизм – өзгелерге деген өшпенділіктің бірінші орында болуы."
2. "Адам табиғатынан шектеулі, бірақ оның қалаулары шексіз."
3. "Қиындық мінезі бар адамды өзіне тартады, өйткені оны еңсеру арқылы адам өзін табады."
4. "Мен Францияның не ойлайтынын білгім келгенде, өзімнен сұраймын."
5. "Әрдайым ең қиын жолды таңдаңыз – ол жерде сізге бәсекелестер кездеспейді."
6. "Құрдымға апаратын үш жол бар: құмар ойындар – ең қысқа жол, әйелдер – ең жағымды жол, ал мамандардың кеңестерін ұстану – ең сенімді жол."