МҰХАММЕД с.ғ.с. ПАЙҒАМБАР

РУХТЫ СӨЗ
41

Ашық дереккөзден

Араб діни, саяси, әскери және қоғам қайраткері, ислам дінінің негізін салушысы және орталық фигурасы


1. Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оның керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей  
2. Ғылымның өлгені – еске сақталмағандығы, қызықпайтын адамдарға үйретіліп, зая кеткені.
3.  Шақырған жерге ғана бар.
4. Жәрдем немесе қайыр-садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа. Тағы бірдеңең артылып қалса, ағайын-туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
5.  Адамдардың арасыңдағы Аллаға ең сүйкімсіздері – шектен тыс дұшпандық жасаушылар.
6.  Тағамды суытыңқырап ішіңіз, өте ыстық күйінде оның берекесі болмайды.
7.  Қой бағыңдар, өйткені береке сонда.
8. Өсекшілік дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты бұзу мақсатымен, бірінің сөзін екіншісіне жеткізуге құмарлық.
9. Арам нәрселерден сақтанғын – адамдардың арасындағы инабаттысы боласың. Алланың берген ризығына разы бол – басқалардан гөрі дәулеттірек өмір сүресің. Көршіңе жақсылық жаса – ұйқың тыныш болады. Өзің сүйген нәрсені өзгелерге де лайықты деп біл – сау-саламат жүресің.
10.  Көп күлме. Көп күлсең, шын сөздің де қадірі кетеді.
11. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Су сұрап келген адамға ашық қабақ танытып, шелегіне су құйып беріп, ізгілік жаса.
12.  Кеуде керіп, қыр көрсетуден сақтан. (Тәкәппарлықпен ыштаныңды ұзын киюден сақтан). Алла тәкаппарларды жек көреді.
13. Екі кісі – бір кісіден жақсы, үш кісі – екі кісіден жақсы, төрт кісі – үш кісіден жақсы; көпшілікпен бірге болғандарды Алла тура жолға бастайды.
14. Адамның айыбын бетіне басудан сақтанындар.
15. Алла алдындағы ең жақсы сөз – шын сөз.
16. Өзіңе ұнаған нәрселерді басқаларға да лайықты деп біл.
17. Досыңды соншалықты құлай сүйме, күндердің күнінде дұшпаның болып шығуы мүмкін. Дұшпаныңмен де қатты жауласпа, күндердің күнінде досыңа айналуы мүмкін.
18. Ұйқыдан тұрған адам қолын үш рет жумайынша ыдысқа салмасын, өйткені ол қолымен қай жерлерін ұстағанын білмейді.
19. Кім-кімді дос тұтса, соған пейілін білдіріп қойсын.
20.  Кімді Алла сүйсе, соған адамдардың ісін түсіріп қояды.

Редакция
Patriot Portaly