МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК

РУХТЫ СӨЗ
19

Ашық дереккөзден

Османдық және түрік мемлекеттік, саяси қайраткер және әскери қолбасшы, Түркия негізін қалаушысы және реформаторы, оның тұңғыш президенті.

1. Түркi бaлaсы aтa-бaбaсын тaнып-бiлген сaйын ұлы iстер жaсaу жолындa тек өз бойынaн ғaнa күш-куaт тaбaды                            2. Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл. «Мен – түрік ұлтынанмын» дейтін адам бәрінен бұрын және міндетті түрде түрік тілінде сөйлеуге тиіс. Түрік тілінде сөйлемейтін адам өзінің түрік қауымына және түрік мәдениетіне жататынын қаншама қайталаса да, бұған сену дұрыс болмайды…                                                                                                          3. Қорғанудың ең жақсы тәсілі – шабуыл. Олай болса, тіл саласында пайда болған жат нәрселерге ша­буыл жасайық, ағашты бір рет сілкіп байқайық. Қандай шіріктердің түсетінін, қалған бүтіндердің қаншалықты екенін көрейік. Нағыз керектілері және тазалары табылғанша сол түспегендерді біраз іске жаратайық. Уақытша…                                                                                            4. Толық тәуелсіздік тек толық экономикалық тәуелсіздік болған кезде ғана болады.                                                                          5. Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі — ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!             

Редакция
Patriot Portaly