БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК

Ашық дереккөзден
Тележүргізуші, танымал журналист, ҚР Мәдениет қайраткері.
1.Тауға шығу қиын: төзім, жігер, күш, уақыт керек. Бірақ келесі шыңға көтерілу үшін қайта етекке түсуге тура келеді. Төменге түсу оңай, зу ете қаласың.
2. Өзгелерге «үйт-бүйт» деп ақыл айту оңай. Өмірде ең қиыны — өз кемшілігіңмен күресу, нәпсіңді ауыздықтап ұстау.
3. Орта жасқа келгенде білім алу ұят емес, білім алмау ұят,
Жар іздеу намыс емес, жалғыз өту намыс,
Өзіңді өзгерту әлсіздік емес, өзгерте алмау әлсіздік,
Ал өміріңді өзгертуге талпыныстың өзі — өміріңді өзгерту.
4. «Өмір — күрес» деп жиі айтамыз ғой. Бұл дүниедегі ең қастерлі күрес бала бақыты, бала тағдыры, бала денсаулығы үшін күрес болар. Бұл күрестің бір ғана жеңімпазы болады, ол – бала. Бұл күрестің ең үлкен олжасы – баланың бақытты өмірі.
5.Біреуді сынағың, айыптағың, жамандағың келіп тұрса, сол адамды жасына қарай өзіңнің әкең, бірге туған бауырың, қаны бір қарындасың, не балаң деп ойлап көр. Содан кейін төмпештей бер. Өйткені алдағыны бір Алла біледі. Сондай жағдай сенің жақыныңның басына келмесіне кім кепіл?!
Менің де жастықпен, мастықпен басқалар туралы ғайбат айтқан кездерім болған. Бірақ кейінгі 10 жылда өзіме ешкімді ЖАМАНДАМАУ, ЖАЗҒЫРМАУ, АЙЫПТАМАУды ұстаным етіп алдым. Өйткені өзімнің де, өзгелердің де періште емес екенін түсіндім. Әркім өз түсінігі, білімі, ақылы, тәрбиесі, пайдасы тұрғысынан әрекетет етінін ұқтым.