АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ

РУХТЫ СӨЗ
32

Ақын-ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

2. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек. 

3. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: надандық; еріншектік; залымдық. 

4. Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл.

5. Сен де бір кірпіш дүниеге ,
Кетігін тап та, бар қалан.

6. Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

7. Сен асыққан екен деп — Алла өмірін өзгертпес. Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек…Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.

8. Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.

9. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.

10. Жақсы дос білген сырын сыртқа жаймас.

11. Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.

12. Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.

13. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

14. Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым , ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

15. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.

16. Егер ісі мөнсін десең,  ретін тап.

Редакция
Patriot Portaly