ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ

Ашық дереккөзден
Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.
1.Түрлі адамдар түрліше күн көреді,
Біреулер су, біреулер у береді.
Сен өмірге келіп те үлгермейсің,
Біреу сені жамандап үлгереді.
2. Махаббат тақырыбы үлкен тактіні, ерекше әдептілікті керек етеді. Дарақылық, дөрекілік, бәдіктік оның болмысына жат. Сәл ауытқып түскен тіркес, шалыс басқан шалағай сөз махаббатқа да, ғашықтарға да абырой әпермейді.
3. Мұңды жеңуден мыңды жеңу жеңіл.
4. Жастығым өтті деп не керек уайым ғып,
Жігіттік дегенің – қартыққа дайындық.
Жылама, о, досым, жігіттік тәмәм деп,
Жыла сен қарттыққа дайындық жаман деп!
5. Адамның шашқаны емес – тергені,
Алғаны емес – бергені қалады.