ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН

РУХТЫ СӨЗ
25

Ашық дереккөзден

Қазақ жазушысы

1. Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу — ол үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау — бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік.

2. Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі — бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

3. Сенім.Бұл бір ұлы күш! Сенімге ие болу – өмірді мәнді етеді.

4. Қызғаншақтық — кең дүниені тар еткізетін кесел. Өз мінезінен өзі құса болған қайғыдан жаман қайғы жоқ. Ол адамды іштен жегідей жейді. Бір кездегі денелі салмақты жас жігіт, енді күжіреген, қас-қабағы түнерген, ашулы кісіге айналады.

5. Дүниеде махаббат болмаса, табиғаты сараң кісі бұрынғысынан да сараң, ал жаратылысы қатты адам одан да қатулана түсер еді.

6. Дарын - жаратылыстың ісі. Ал адамгершілікті сақтау ол сенің ісің.

7. Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.

Редакция
Patriot Portaly