ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

РУХТЫ СӨЗ
23

Ашық дереккөзден

ҚР Президенті, дипломат

1. Ысырапшылдық пен даңғазалық қо­ғам­ның да, адамның да абыройын тө­геді. Жауапсыздық, немқұрайдылық бү­кіл елді қасіретке ұшыратады. Ал бос сөз­ді­лік пен бөспелік, мақтаншақтық қоғам­ның дамуын тежейді.                                                                                                                                                         
2. Жас буынның жігері өткір, өмірлік қиындықтарға бекем болуы тиіс. Басқаша болмауы керек                                                                                                           
3. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздігіміздің туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс.
4.Отанға деген сүйіспеншіліктен, Отанға қызмет етуден артық құнды ұғым жоқ. Патриот болу алаңға шығып ұрандату емес, қажырлы еңбек ету.
5.Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз.
6.Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету
7.Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек.
8.Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!

Редакция
Patriot Portaly