КҮЛТЕГІН

РУХТЫ СӨЗ
14

Ашық дереккөзден

Қағанатының мемлекеттік қайраткері, Білге қағанның кеңесшісі, саяси және әскери қолбасшысы, Білге-қағанның тең билеушісі, Құтлұғ-Елтеріш-қағанның ұлы.

1. Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді.
2. Қ
ағанын сатқан халықты тəңірі де жаратпайды.
3. Елін сүйген ер бақытты.
4. Халқына — бегі, бегіне — халқы сенген ел ұзақ жасайды.
5. Ері жоқ елдің күні қараң.
6. Тату елге — тыныштық пен тоқшылық нəсіп.
7. Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.
8. Қағанынан айырылған ел — ғаріп, иесінен айырылған жер — ғаріп.
9. Күшке күш қосылса — құп, елге ел қосылса — құт.
10.
Тағдыр — тәңір ісі.
11.
Жарлыны бай, азды көп қылмақ парыз.
12.
Қағаны кекшіл елдің халқы бүлікшіл келеді.
13.
Тізесі барлар бүгілер, басы барлар жүгінер.

Редакция
Patriot Portaly