МҰХТАР ШАХАНОВ

Ашық дереккөзден
Қазақ ақыны, драматургі, Қазақстан халық жазушысы.
1. Көзімді алмай маздап жанған оттардан,
Саған сенем саған сенім артамын,
Қорықпаймын түсінігі жоқтардан,
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.
2. Сөзі мен ісіне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар.
3.Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында,
Сатқындық та бұғып жүрмек қасында
4. Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз,
Сезім өмір сүре алар ма мұратсыз.
Жүрегінде ерлігі жоқ адамның,
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.
5. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.