УИЛЬЯМ ШЕКСПИР

Ашық дереккөзден
Ағылшынның ұлы драматургі, әрі ақыны
1.Өмір — ұшқыр көлеңке.
2.Тозақ қаңырап тұр, сайтанның бәрі осында.
3.Шiрiген лалагүл арам шөптен бетер сасиды.
4.Достың ақыл-кеңесі — жауларға қарсы ең жақсы сүйеніш.
5. Жетістікке жетудің үш құпиясы: басқалардан көп білу, өзгелерден көп жұмыс істеу, басқаларға қарағанда аз нәрсе күту.
6. Балдың тәттілігі сонша, ең соңында ащылық сезіледі. Көп болған сайын дәмі кетеді.
7. Аз сөздің салмағы басым болар.
8. Шын ынтамен тындырған жұмыс — тәнге шипа.
9. Бір көзқараспен махаббатты өлтіріп алуға болады. Сондай-ақ, бір көзқараспен оны қайтып тірілте аласың.
10. Көп адам даналықтан гөрі ақымақтықты таңдайды. Себебі, ақымақтық күлдіреді, даналық жылатады.
11. Өзімшілдік – тірі пенденің орасан зор кемістігі.
12. Икеміңе қарай еңбек ет.
13. Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ.
14. Ең жақсысы – бетке айтылған ақиқат.
15. Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда.
16. Есім не береді? Раушангүлден раушангүлдің жұпары аңқиды, оны басқа атаумен атасаң да.
17. Өзгенің күнәсін паш етуге асықпаңыз, өз күнәңізді санасаңыз, өзгенікіне жетпей қаласыз.
18. Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.
19. Боранды күні берілген уәде тынық күні ұмытылады.
20. Артық тамақ шашты ағартып қинайды,
Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.