ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ

РУХТЫ СӨЗ
11

Ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты, грек-рим күресінен әлем және кеңес одағының чемпионы, Олимпиаданың күміс, қола жүлдегері.

1.    Қазір еліміздегі ауылдың жағдайы көңіл көншітпейді. Ондағы жол сапасы мен интернет желісінің жетіспеуі де бұған дәлел. Ауылдағы жастардың қалаға көшіп кетуі, ауылда тұрақтамауы – мұның бір айғағы. Біз осы ретте ауылдың жағдайын барынша жақсартуымыз қажет. Бүгінде ауылда қарапайым жұмысшылардан бастап, мұғалім, дәрігер сияқты ма­мандар жетіспейді. Спортқа көңіл бөлінуі керек. Айта берсек, шешімін табуға тиіс мәселелер жетерлік. Мұның барлығына жүйелі жұ­мыс пен елге деген ерен сүйіспен­ші­лік, еңбекқорлық қажет. Әрбір азамат елі үшін өз саласында аянбай, қажырлы еңбек етсе, алынбайтын асу, бағындыр­майтын белес болмайды деп ойлаймын. Мұндай қиын кезеңде бірлігіміз де бе­кем болуы қажет.

2.    Менің де бір кісідей жомарт­тығым бар. Бар болса – бересің, жоқ болса – бере алмасаң да, іштей ниеттес боласың. Қазақта тек деген бар, тегінде, осы қасиет аталарымның қанымен берілген шығар.

3.    Спорт саласын біз страте­гиялық бағытқа енгізуіміз керек. Бірден-бір қатты көңіл аударатын мәселе, бұл – хал­қымыздың денсаулығы.

4.    Ұлттық құндылықтардың ауқымы кең. Оның ішіне бұрынғы ата-баба­ларымыздан келе жатқан салт-дәстүр­леріміз, тәлім-тәрбиеміз, мәдениетіміз, менталитетіміз, ұлттық кодымыз, отан­сүйгіштігіміз барлығы кіреді… Әлеуметтік желілер адам­дардың уақытын ұрлап жатыр. Мүм­кін, осы әлеуметтік желілерді де дұ­рыс жағынан пайдаланатын тәрбие құ­ра­лына айналдыруымыз керек шы­ғар. 



Редакция
Patriot Portaly