МАХАТМА ГАНДИ

Ашық дереккөзден
Үндістанның тәуелсіздік қозғалысының көшбасшысы
1. Күнәһәрмен емес, күнәнің өзімен күресу керек.
2. Ерiксiз пайда болатын ой ақылдың сырқаты, оны ауыздықтау ақылды ауыздықтағанды бiлдiредi және бұл желдi ауыздықтағаннан да қиынырақ.
3. Өтірікші шындығына келгенде өзін-өзі алдайды.
4. Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі басталады.
5. Ұлттың ұлылығы мен кеудесінің кеңдігін олардың жан-жануарларға деген қарым-қатынасына назар салып-ақ байқауға болады.
6. Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?
7. Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өндіру жолындағы еңбек қана.
8. Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс емес.