БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

РУХТЫ СӨЗ
15

Ашық дереккөзден

Қазақ хандығының ірі мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы жырауы18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

1. Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас.
2. Іштегі сыр Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ амал емей немене.
3. Пейілі кең кемімес, пейілі тар кеңімес.
4. Жаманмен жолдас болсаңыз,

Көрінгенге күлкі етер,
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.
5. Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл,

Күндердің күні болғанда
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес.
6.
Әкесіз бала жиын болса бара алмас, барса орын ала алмас.
7.
Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді.
8.Әкелі бала – жау жүрек,
Әкесіз бала – су жүрек.
9.
Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң, босамас аузы парадан.
10. Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы.

Редакция
Patriot Portaly