МҰХТАР ӘУЕЗОВ

РУХТЫ СӨЗ
18

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 

1. Өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады.

2. Төзім тамаша сипат. Бірақ шексіз ұзақ төзуге өмір тым қысқа ғой.

3.Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

4.Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

5. Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

6. Дос таппаған ер азар, басшы бақпаған ел азар.

7. Жаза баспас қадам жоқ, жаңылмайтын адам жоқ.

8. Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

9. Не аңсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың.

10. Тумай жатып толдым деме, толмай жатып болдым деме.

11. Сын шын болсын, шын сын болсын.

12. Әзілде кек, өсекте шек жоқ.

13. Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

14. Өзіне-өзі ғашық болушылық – бұл адамның үлкен соры. Бұл, ең алдымен, өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.

15. Жауға – жалынба, досқа – тарылма.

Редакция
Patriot Portaly