МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Ашық дереккөзден
Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
1. Ақырын жүрсең сорың сені қуып жетеді, жылдам жүрсең сен сорыңды қуып жетесің.
2. Тұрады көкірігіме күйік толып,
Жүремін кейде жанып, кейде тонып.
Күні бойы мазам кетіп қиналамын.
Көрінсем біреулерге биік болып.
3. Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
4. Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де солардың бірімін.
5. Өлгеннен сұра дер едім, тірі жандарға өмір дегеннің не екенін
6. Қасиетін сезем деп ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
7. Адамдардың жаны менен жүрегін,
Ойлайтын ем, бір кісідей білемін.
Ажырата алмай шуағы мен түнегін,
Танығанға мәз болыппын іреңін.
8. Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
9. Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген,
Жақыныңның жат боларын кім білген...