МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ

РУХТЫ СӨЗ
17

Ашық дереккөзден

Ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, ойшыл, рухани қайраткер.

1. Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы.

2. Не нәрсе талаптансаң табылады.

3. Ер жігіт шешен болып, малсыз қалса,
Рас деп, айтқан сөзің шын болмайды.

4. Құдайдың жақсылығы басыңда тұр.

5. Не пайда күш жоқ болса,нарлығыңнан,
Пайда жоқ,кең болмасаң,тарлығыңнан.

Көрінбеген нәрсені аламын деп,
Айырылма қолыңдағы барлығыңнан.

6. Шын жақсының бойында болмас кегі.

Редакция
Patriot Portaly