ДЖОРДЖ ВАШИНГТОН

РУХТЫ СӨЗ
16

Ашық дереккөзден

АҚШ-тың тұңғыш президенті

1. Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек.                                                               
2. Тәртіп — әскердің жаны. Аз әскерді үлкен күшке айналдырады, әлсізге сәттілік пен құрмет әкеледі.                                           
3. Сізде басқаларды сендірудің жалғыз жолы – оларды тыңдау.
4. Ішіңдегі ар-ұждан деген от сөніп қалмас үшін еңбек ет.
5. Қақтығыс қаншалықты қиын болса, жеңіс соншалықты ұлы болады.
6. Сөз бостандығы болмаса, біз үнсіз қой сияқтымыз
7. Өз міндеттеріңе адал болу және үндемеу – жала жабуға ең жақсы жауап.
8. Ғылым мен әдебиеттің дамуына білімнен басқа ешнәрсе лайықты назар аудартпайды. Білім – кез келген елдегі бақыттың ең сенімді негізі.
9. Егер кінәң болса, өтірік кешірім сұрағаннан гөрі, мүлде кешірім сұрамағаның дұрыс. Сәтсіздіктің 99%-ын әрдайым кешірім сұрап жүретін адамдар жасайды.
10. Барлығымен сыпайы бол, аздаған адамдармен шынайы бол, ал сол аздаған адамдармен жан-дүниеңді ашпас бұрын жақсылап ойлан.

Редакция
Patriot Portaly