ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

РУХТЫ СӨЗ
18

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.

1. Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды!

2. Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

3. Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

4. Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің.

5. Тіршілік-ғұмыр белгісі - алыс-тартыс, арбау-әдіс.

6. Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.

7. Білімнен мақсат шықпайды.

8. Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

9. Талас-тартыс жоқ болса - өмір абақтыға айналар еді.

10. Ұлтыңа, жұртына қызмет қылу білімнен емес, мінезден.

Редакция
Patriot Portaly