СОКРАТ

РУХТЫ СӨЗ
16

Ашық дереккөзден

Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философтарының бірі.

1. Мен өмір сүру үшін жеймін, ал басқалар жеу үшін өмір сүреді.
2. Өз шаруаларыңды өзгемен ақылдасу үшін алдымен оның өзінің шаруаларымен қалай айналысып жатқанын қара.
3. Өнерден жақсы, білімнен үлкен, ұяттан сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ.
4. Иә, мен олардан ақылдырақпын, өйткенi өзiмнiң ештеңе бiлмейтiнiмдi бiлемiн, ал олар бiлмесе де бәрiн бiлемiз деп ойлайды.
5. Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.
6. Арманым азайған сайын, Құдайға жақындай түсемін.
7. Талқыға салған кезде ғана ақиқаттың беті ашылады.
8 . Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың.
9. Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ.
10. Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.
11. Асқа ең жақсы дәмдеуіш - аш қарын.
12. Сөз сүйектен өтпесе, таяқ та көмектеспейді.
13. Қалаған адам - амал табады, қаламаған - себеп табады.
14. Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.

Редакция
Patriot Portaly