МАҒЖАН ЖҰМАБАЙ

РУХТЫ СӨЗ
20

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы.

1. Өзiңе тiлемеген жамандықты басқаға да тiлеме. Өзiңе iстеген жақсылықты басқадан қызғанба.

2. Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.

3. Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты — өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу.

4. Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.

5. Білімдінің сөзі — ем,
Мейірімі көп, өзі кең!

6. Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.

7. Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.

8. Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!

Редакция
Patriot Portaly