ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ

РУХТЫ СӨЗ
14

Ашық дереккөзден

Жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.

1. Жайнаққа ұқсағандардың оны қосылар, жүзі қосылар, мыңы қосылар, сөйтіп барып қол болар, сөйтіп барып көл болар, сөйтіп барып асу бермес тау болар!
2. Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы.
3. Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді.
4. Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады да, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап тауып алады.
5. Еңбек сүйгіштік — адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі.
6. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.
7. Адамзаттың алдында тұрған ұлы мақсат – адам болып қалу: бүгін, ертең, мәңгілік
8. Жақсылық жерде жатпайды, оны жерден тауып ала алмаймыз. Жақсылық жасауды біз басқа адамнан үйренеміз.
9. Бақыты кезімізде бақыт туралы ойламаймыз.
 10.
Мені біреу бақытты етті десем, оным өтірік. Ешкім ренжітпеді десем оным да өтірік... Мен өз өмірімде қанша ән салсам, сонша жылаған да болуым керек. Солардың ішінен есімнен кетпейтіні: қазақ радиосын басқарған бір жігіт сіздер ұнатып айтатын «Арыс жағасында » мен «Бақыт құшағындағыны» қабылдатпай, сол әндердің бағын байлағысы келгені. Соны ұмыта алмаймын, қызғаныштың құрбаны боп кетіп барамын. Сол – өкініш.

Редакция
Patriot Portaly