ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ

Ашық дереккөзден
Қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері. Халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының негізін салушысы.
1. Батылдыққа рұхсат берiлген бүгiнде, ол қауiпсiз әрi тиiмдi болған кезде, табиғатынан күрескер адамдар төбелесқорлардың тобырында өздерiн ыңғайсыз сезiнедi. Шындық әрқашан тек ақиқаттың бiр бөлiгi ғана. Әркiм шындықты өзiнше кескiлеген қазiргi кезде ақиқатты iздеу ерекше маңызды. Тұтас, бүлiнбеген ақиқат қана таным өзегi бола алады.
2. Пайда қуу – ойын шарты. Мүдделі болмасаң, ойынға да кірмейді.
3. Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен.
4. Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.
5.Данышпандар туралы зерде - олардың өздері көтерген мәселелердің өзектілігі жойылғанша ғана ел жадында сақталады.