ФЕДОР ДОСТОЕВСКИЙ
РУХТЫ СӨЗ
14

Ашық дереккөзден
Орыс жазушысы, Санкт-Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі
Бостандық – өзіңді тежеусіз ұстау емес, өзіңе ие болу.
Әр нәрсенің шекарасы бар, оны асып өту – қауіпті, өйткені бір рет аттасаң, кері қайту мүмкін емес.
Бақыт – бақыттың өзінде емес, оған жету жолында.
Мақсатсыз өмір тұншығып қалады.
Кітап оқуды тоқтату – ойлауды тоқтату деген сөз.
Адамды жою үшін көп нәрсе керек емес: оған өзінің ісінің ешкімге қажет емес екенін сендірсең жеткілікті.
Ол – ақылды адам, бірақ ақылды әрекет ету үшін ақылдың өзі жеткіліксіз.
Егер сен мақсатыңа қарай бет алып, жолда сені арсылдап қарсы алған әр итке тас лақтырумен уақыт жоғалтсаң, ешқашан мақсатыңа жетпейсің.
Досым, үнсіздік жақсы, қауіпсіз әрі әдемі.