ШЫҢҒЫС ХАН (ТЕМҮЖІН)

РУХТЫ СӨЗ
28

Ашық дереккөзден

Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері

1. Қас тасының қабығы болмас, кісі ғұмырының мәңгі жасар бағы болмас.

 2. Тән – әлсіз екен, жан – берік екен. Әлсіз тәннің айдауымен жүрмей, берік жанның қалауын табыңдар.

 3. Мақсат-мұратына жеткен адамның өкініш кейісі жоқ.

 4. Мен салған даңғылды шөп-шөңге баспасын. Аманат-өсиетімді ұмытпаңдар!

 5. Өзінің отбасы мен шаруашылығын жөндем ұстай алған кісі – тұтас бір иелікті де қолайымен басқара алады.

 6. Абзал әйел – ошақты үйдің құты.

 7. Егер әйел пәруайсыз, әрі парықсыз болса, салақ әрі көргенсіз болса, күйеуінің де құнсыз адам екені айқын танылмақ.

 8. Ер жігіт көңілі ауған кісіге астындағы атын түсіп береді, үстіндегі тонын шешіп береді.

 9. Қызы Алағай-бикені ұзатарда айтқаны:

«Жаңа жұртыңа игілік, ізгілік апар. Күйеуің көтерілсе, демеуіш бол, шайқалса сүйеніш бол, тайғанаса таяныш бол. Кісі ғұмыры қысқа, бірақ абыройлы атақ мәңгілік. Ең жанашыр досың – ақыл-парасатың, ең зұлым дұшпан – тежеуіш ашуың. Төңірегінде сеетін дос көп болар, бірақ ең берігі – өзіңнің ақ-адал жүрегің. Дүниеде аялайтын асыл көп болар, бірақ ең қымбаты – өзіңнің өмірің. Адал жүрсең, әрнеден жолың ашық болар. Ақылмен шешсең, ғұмырың ұзара түсер. Қиындықтан қашпа, жаза баспа!» - депті.

10. Төрт ұлына арнап айтқан және бір сөзі:

«Заңғар таулардан астым, терең теңіздер кештім, таралғы созылғанша, үзеңгі қажалғанша тыным таппадым, қаншама халықты ғұзырыма қаратып, бір ұлыс қылып ұйыстырдым. Енді сендердің кезегің. Талай жұртты аларсыңдар, бірақ тәнін емес, жанын өздеріңе қаратыңдар. Ниет-пейілі сендердің жағыңда болса, аяғы мен басы қайда кетер дейсің»

11. Күйкі сезімге бой алдырмаңдар. Әділетпен, ақылмен өкім құрыңдар.

12. Кеудең қабынғанда, ашу-ыза аузыңнан асып төгілмесе, арылдаған арыстанды ырқыңа көндірген есепті. 

13. Өзіңді өзің ұстай алмасаң, өзгені қалай билемексің. Алқымға тығылған долығын жеңген адам – дөкей пілді алып жыққан есепті. Тұлдана шатынап жүріп жұртыңды қалай ұстарсың.

Мұхтар Мағауин, «Шыңғыс хан» романынан

 

Редакция
Patriot Portaly