МҰСТАФА ШОҚАЙ

Алаш қозғалысына қатысқан көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі, қазақ ойшылы, жалынды публицист, жазушы-аудармашы.
1. Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді.
2. Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлiнiп, қыпшақтың көсемi, арғынның көсемi, үйсiннiң көсемi болып жатсақ, бiздiң халық азады.
3. Ұлтқа пайдалы адам келсе, бәрiнен бұрын орыс өкiметiнiң атамекенiмiздегi жер саясатын мұқият зерттеп үйренуге тырысыңыз. Сiзге не iстеу керектiгiн осы саясаттың өзi-ақ көрсетiп бередi.
4. … ұлттық еркiндiк пен азаттыққа талпыну табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрiздi нәрсе.
5. Бiз тәуелсiз Түркiстан үшiн керектi барлық қасиеттi жас ұрпақтан күтемiз.
6. Бiз жеке тұлғалардан жоғары тұрған ұлттық мұраттарға сүйенемiз.