ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
РУХТЫ СӨЗ
15

Ақын, жазушы, философ, тарихшы.
1. Менің биім — өзімнің ақ жүрегім.
2. Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді, бұл неліктен? Бұл адам баласынын, қиянатының көптігі — мейірімінің аздығынан.
3. Дүние қу — бір ағын су.
4. Үйренсе білім менен сан өнерін,
Білер еді-ау өнердің не берерін.
5. Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенін біле бер...
6. Білім беру саласында "ар білімі" деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын.
7. Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек.
8. Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,
Түзетуге именбе - тапсаң мінін.
9. Аз ойна – көп ойла.