ӘБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

Ашық дереккөзден
Әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
1. Әсіре көп не кем еңбек ету күшке күш қоспайды, қайта қалжырата түседі.
2. Адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетеді.
3. Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.
4. Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.
5. Талпыныс тәжі – табандылық.
6. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
7. Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға өтпейді.
8. Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы