Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады
Патриот жаршысы
4
Фото: Ақорда
17 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, –– деп хабарлайды Patriotportaly.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панельдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.