«Ертіс-Баян»: Өнер фестивалі

Биыл Алаш қайраткері, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толып отыр. Тұлғаның мерейтойына орай Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында «Ертіс-Баян» I республикалық театрлар фестивалі өткізіледі.
Еліміздегі үздік өнер ұжымдарының қойылымдары бағаланатын театрлар додасы 2024 жылдың 20-25 қыркүйек аралығына жоспарланған.
Фестиваль отандық театр өнеріндегі үздік жұмыстарды, заманауи театр үрдісінің негізгі тенденцияларын анықтау және театр өнерінің классикалық, заманауи мұралары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, актерлік кәсіби деңгейді шыңдау, театр әлеміндегі жаңа есімдерді анықтау мақсатында өткізгелі отыр.
Ұйымдастырушы – Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры.