Мұхтар Шахановтың кәсіби суреттері елді сүйсіндірді

Патриот жаршысы
95

Фото: Әйгерім Абжан

Кәсіби фотограф Әйгерім Абжан әйгілі тұлға Мұхтар Шахановты мүлдем жаңа образдарда түсіріп, «1986-Ақиқат/Бейбітшілік» суреттер топтамасын дүйім жұртқа ұсынды,- деп хабарлайды Patriot portaly Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш жобаға астаналық Әзірбайжан Мәмбетов театрының актерлері Ермахан Дулатұлы мен Әли Бидахметтің қолғабыс болғаны белгілі болды.

«Достар, бұл суреттер тарихта қалатынына сенемін және мұндай тарихи оқиғаға үлес қосқаныма қуаныштымын», – деді Ермахан Дулатұлы. 

Желі қолданушылары да суреттер топтамасын жоғары бағалап, ақынды басқа қырынан көргендерін айтады.

«Фотосессияның концепциясы өте мықты шыққан», «Ғаламат туынды», «Осындай серия болса, шіркін», «Мәссаған, Мұхтар атаның өзі ме?» – деп жазды оқырмандар.

Дариға Нысанқұл