Сахна сыртындағы жұлдыздарға құрмет

Патриот жаршысы
78

Астана қаласының әкімдігі

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай елордада ерекше шара өтті. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Сахна сыртындағы жұлдыздар» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өнер саласында еңбек етіп жүрген жандар марапатталды.

Салтанатты жиында сөз алған Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мәдениет саласының қоғам өміріндегі маңызын атап өтіп, бірқатар үздіктерді марапаттады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 16 мамырдағы Жарлығына сәйкес, ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» ордені филармония әртісі Нұрай Танабаевқа табысталса, «Ерен еңбегі үшін» медалі Музыкалық жас көрермен театрының актері Оразалы Игіліке бұйырды.

Сондай-ақ, мәдениет саласында жемісті еңбек етіп жүрген 14 маман түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Кеш соңында мекеме басшылары өнер иелеріне жылы лебізін білдіріп, тосын сый жасады.

Бұл – сахнада ғана емес, сахна сыртында да елеулі еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Малика Рүстем
тілші