БОЛАШАҚҚА ҚАЖЕТ 10 ДАҒДЫ

ЕР КҮНДЕЛІГІ
469

https://www.forbes.com

Қазіргі замандағы қажетті дағдылар өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге бейімделу үшін өте маңызды. Технологияның дамуымен, қоғамның әлеуметтік және экономикалық құрылымдарының өзгеруімен бірге жаңа дағдыларға деген сұраныс артты.

 

1.      Эмоционалды интеллект адамның өз эмоцияларын түсіну және басқару, сондай-ақ басқалардың эмоцияларын дұрыс қабылдай білу қабілеті. Бұл дағды көшбасшылық, ұжыммен жұмыс, конфликттерді шешу сияқты аспектілерде өте маңызды. Эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі адамның қоғамдағы тиімділігін арттырады.

2.     Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті бар адам инновациялық шешімдер мен идеяларды ұсына алады, пайымдау арқылы күрделі мәселелерді шеше алады және дәлелдерді бағалайды. Сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы қадамы - әр түрлі ресурстардан ақпарат ағынын талдау. Бақылап болғаннан кейін, мықты аналитикалық ойшыл адам эмоцияға емес, логикалық пайымдауларға сүйенеді, оларды жинақтайды, жағдайдың оң/теріс жақтары және ең жақсы шешімге ашық болады.

3.       Қарым-қатынас дағдылары.Қазіргі уақытта жеке және кәсіби қарым-қатынастар өте маңызды. Тиімді коммуникацияның мәні – дұрыс сөйлеу және тыңдай білу, басқа адамдардың пікірін құрметтеу. Қарым-қатынас дағдыларының жоғары деңгейі ұжым ішінде үйлесімділік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

4.      Адаптивтілік және өзгерістерге бейімделу.Әлем өзгеріп отырады, ал өзгерістерге бейімделу қабілеті – бұл жұмыс орындарында да, жеке өмірде де маңызды дағды. Бейімделу қабілеті жоғары адамдар тез жаңа жағдайларға сәйкес әрекет ете алады және дағдарыс кезеңдерінде де өздерін ұстай біледі.

5.    Көшбасшылық дағдылары тек жоғары лауазымда отырғандарға ғана емес, кез келген адамға қажет. Көшбасшы болу дегеніміз – адамдарды бір мақсатқа бағыттау, ынталандыру және ұжымдағы келісімді сақтау. Сондай-ақ, командада жұмыс істеу дағдысы ұжымда өзара қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

6.    Кез келген уақытта шешім қабылдай білу. Заманауи әлемде ақпарат көп және уақыт шектеулі. Осы жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу өте маңызды. Оған аналитикалық ойлау, деректерді дұрыс талдау және тез арада нәтиже шығару дағдылары кіреді.

7.     Мультимедиялық сауаттылық. Бүгінде бейнемазмұнды жасау, өңдеу және тарату дағдылары өте сұранысқа ие. Мультимедиялық сауаттылық коммуникацияның маңызды құралына айналып отыр. Оған графика, бейнемазмұн, анимация және әлеуметтік медиа арқылы жұмыс істеу дағдылары кіреді.

8.   Уақытты тиімді басқару – бұл еңбек нарығында табысқа жетудің тағы бір маңызды аспекті. Жауапкершілік сезімі мен өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті адамға өз міндеттерін орындауға, алда тұрған мақсаттарға жетуге көмектеседі.

9.    Мәдениетаралық коммуникация – бұл әр түрлі мәдениеттерден келген адамдармен тиімді әрі құрметпен сөйлесе білу дағдысы. Бұл дағды халықаралық кәсіпорындар мен көпұлтты ұжымдар үшін өте маңызды.

10.    Жаңа идеялар мен шешімдер іздеу, дәстүрлі әдістерді қайта қарау және жаңашыл болу қазіргі уақыттың маңызды талаптарының бірі. Креативтілік проблемаларды шешу мен кәсіпкерлікте табысқа жетудің жолы.

 Жоғарыда аталған дағдыларды игеру адамға өмірдің әр түрлі салаларында тиімді болуға мүмкіндік береді. Заманауи әлемде бәсекеге қабілетті болу үшін осы дағдыларды дамыту – өмір бойы жалғасатын процесс.

 https://www.forbes.com/sites/bernardmarr/2019/04/29/the-10-vital-skills-you-will-need-for-the-future-of-work/

Малика Рүстем
тілші