АҚША ЖИНАУ КҮШІ

Байлыққа жетудің құпиясы күрделі қаржылық схемаларда немесе бірден байып кетудің жолында емес. Ол күнделікті өмірдегі қарапайым, бірақ тұрақты әдеттерден басталады. Көп адам "ақшам аз, жинауға мүмкіндік жоқ" деп ойлайды. Алайда, қаржылық жетістіктің кілті - кішкентай өзгерістерді әдетке айналдыруда.
1. "Тиыннан теңге құралады" қағидасы. Көпшілігіміз "кішкентай соманы жинаудың не қажеті бар?" деп ойлаймыз. Бірақ бір қарағанда елеусіз көрінетін сома уақыт өте келе үлкен капиталға айналады. Мысалы, күн сайын 500 теңгені жинайтын болсаңыз, бір жылда 182 500 теңге, ал бес жылда 912 500 теңге жинақталады. Бұл – кішкентай әдеттердің ұзақ мерзімді пайдасы!
2. "Өзіңе төлеу" дағдысын қалыптастыру. Көптеген табысты адамдар қаржы стратегиясында ең алдымен "өзіне төлеу" қағидасын ұстанады. Бұл дегеніміз – жалақы алғаннан кейін бірінші кезекте жинақ шотына белгілі бір соманы аудару. Бұл сіздің болашағыңызға салынған инвестиция.
3. Шығындарыңызды бақылау. Ақшаңыз қайда кетіп жатқанын білмейінше, оны үнемдеу мүмкін емес. Көптеген адамдар майда-шүйде шығындарды елемейді, бірақ дәл солар ай сайынғы бюджетке қатты әсер етеді.
4. Ақшаның жинақталуын түсіну. Ақша жинақтау - адамның таза құнын арттыру мақсатында ұзақ мерзімге активтерді жинақтау процесі. Бай болу жоғары табысқа ие болуды немесе құнды активтерге ие болуды білдіреді, бірақ міндетті түрде қаржылық тұрақтылықты немесе тәуелсіздікті білдірмейді. Керісінше, ақша жинақтау қаржылық қиындықтарға алаңдамай өмір сүру еркіндігін қамтамасыз ете отырып, тұрақты қаржылық болашақты құруды білдіреді.
Байлыққа жету үшін бірден миллион табудың қажеті жоқ. Күнделікті қарапайым әдеттеріңіз сізді үлкен жетістіктерге жетелейді. Ақша жинау – тек қаржылық қадам емес, ол өзіңізді тәртіпке шақырып, болашағыңызды жоспарлауға мүмкіндік беретін маңызды дағды. Ендеше, бүгіннен бастап кішігірім өзгерістер енгізіп, қаржылық еркіндікке қарай алғашқы қадамды жасаңыз!