ОТ АЛАУЛАП ЖАНУЫ ҮШІН: МОТИВАЦИЯ ҚҰПИЯЛАРЫ

ЕР КҮНДЕЛІГІ
41

canva.com

Бүгінде мотивацияны сақтау – уақыттың ең өткір мәселелерінің бірі. Ақпарат ағыны, тез өзгеретін жағдайлар, әлеуметтік желідегі жалған идеалдар адамды қажытып, шабыттан гөрі сенімсіздік тудыруда. Неге біз бастаған ісімізді аяқтай алмаймыз? Неліктен бір күн белсенді жұмыс істеп, келесі күні күйзеліске түсіп қаламыз?

Зерттеулер көрсеткендей, адамдардың көпшілігі мотивациясын ұзақ уақыт ұстап тұра алмайды. Бұның бірнеше себебі бар:

1. Жылдам нәтиже күту;

2. Ақпараттық ағыннан шаршау;

3. Белгілі бір дисциплинаның болмауы;

Осыдан кейін, мотивацияны қалай сақтау керек туралы ой келеді:

a) Жүйелі жоспар құру. Кез келген мақсат жүйелі жұмыссыз орындалмайды. Ұсақ қадамдар арқылы нақты нәтиже көрсету – мотивацияны жоғалтпаудың басты қағидасы.

b) Ақпараттық сүзгі қою. Әлеуметтік желіде бәрі идеалды өмір сүріп жатқандай көрінуі мүмкін. Бірақ бұл тек өңделген суреттер мен сценарийленген контент. Өзгелермен салыстыруды тоқтатып, өз прогресіңізге назар аудардарыңыз.

c) Мақсаттың маңызын түсіну қажет. Жай ғана "істеу керек" деген ой емес, "неге бұл маған қажет?" деген сұраққа жауап беру маңызды. Егер сен өз жұмысыңның, оқуыңның немесе басқа әрекеттеріңнің мәнін көрсең, мотивация автоматты түрде пайда болады.

d) Өзіңді марапаттау. Кішкентай жетістіктер үшін өзіңе сый жасау мотивацияны күшейтеді. Бұл әдіс адамға "менің еңбегім бағаланады" деген сенім ұялатады.

e) Қоршаған ортаны дұрыс тыңдай білу. Егер айналаңдағы адамдар сенің күш-жігеріңді әлсіретсе, сен де сол бағытқа кетесің. Ал егер жақындарың сені қолдап, жігерлендірсе, мотивацияң бірнеше есе артады.

Мотивацияны сақтау – күрделі, бірақ мүмкін нәрсе. Бұл сыртқы факторларға емес, ішкі күйге байланысты. Егер адам өз мақсатының маңызын түсінсе, өз ортасын дұрыс құрып, жүйелі жұмыс істесе, мотивацияны жоғалту туралы сұрақ туындамайды. Қазіргі заманның басты сыны – мотивацияны сақтай білу. Бұл дағдыны меңгерген адам өзгерістерден қорықпайды, уақыттың талаптарына төтеп бере алады.

https://stunningmotivation.com/how-to-find-and-not-lose-motivation-to-study/

Малика Рүстем
тілші