ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ

canva.com
Әрбір адамның болашағы оның бүгінгі қаржылық шешімдеріне байланысты. Солардың бірі – зейнетақы жинағы. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін зейнетақы жүйесінің маңызы зор.
Зейнетақы – бұл жұмыс істеген жылдары жинақталған қаражаттың есебінен қартайғанда тұрақты табыс алу мүмкіндігі. Қазақстанда зейнетақы жинақтау жүйесі үш деңгейден тұрады:
1. Міндетті зейнетақы жарналары – жұмыс берушілер мен қызметкерлердің ай сайынғы аударымдары.
2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша жарналар.
3. Ерікті зейнетақы жарналары – азаматтардың өз қалауы бойынша қосымша жинақтауға арналған жүйе.
Зейнетақы жинағының мөлшері көбіне жалақы деңгейі мен аударылатын жарналардың тұрақтылығына байланысты. Сондықтан:
a) Еңбек өтілін ұзарту – жұмыс істеу мерзімі артқан сайын жинақ көлемі ұлғаяды;
b) Қосымша салымдар жасау – ерікті зейнетақы жарналарын пайдаланып, болашақта көбірек қаражат жинауға болады;
Зейнетақы жинақтарының өсуі жарналардың тұрақты түсуімен қатар, инвестициялық табыстар арқылы да қамтамасыз етіледі. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс шамамен 343,6 млрд теңгені құрады.
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары әртүрлі:
1. Зейнет жасына жеткен кезде.
2. Тұрғын үй немесе медициналық мақсатта пайдалану.
3. Мұрагерлікке беру.
Зейнетақы жинағы – бұл қаржылық еркіндік пен болашаққа деген сенімділік. Уақытылы және дұрыс басқарылған жинақтар қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізудің кепілі бола алады. Сондықтан әрбір адам бүгіннен бастап өзінің зейнетақысына мән беріп, жоспар құруы қажет!
https://baq.kz/qazaqstandyqtardyn-zeynetaqy-zhinaqtary-qansha-296255/